Бокстан абсолютті чемпион Сауль "Канело" Альварес жаттығу залында "Меховая 8/1" тобы орындайтын "Тойға шашу" әніне билеп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аты әлемге әйгілі боксшының қазақтың әніне билеген сәтін "Меховая 8/1" тобының әншісі Қабдол Тілеков өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жаттығу залында қазақ споршыларымен бірге жүргенін көруге болады.
“Канело, саған көп рахмет! Той болып жатса, хабарлас”, – деп жазды Қабдол Тілеков.
Бейнежазба Тик-ток әлеуметтік желісінде де кеңінен тарап кетті.