ҚазМұнайГаз 2025 жылы желтоқсанда Каспий Құбыр Консорциумының шектеулері кезінде шамамен 300 мың тонна мұнайды басқа бағыттарға жөнелтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Өткен жылдың соңында Каспий Құбыр Консорциумы бойынша мұнай тасымалдаудың шектелуіне байланысты Қазақстан мұнайын «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) жүйесі арқылы басқа экспорттық бағыттарға жөнелту бойынша жедел жұмыс жүргізілді.
Шамамен 300 мың тонна мұнай көлемі ҚТО жүйесі бойынша экспорттық бағдарлар, соның ішінде Германия, Қытай, Баку-Тбилиси-Жейхан, Новороссийск және Усть-Луга порттары арқылы жеткізу үшін қайта бағытталды. 2026 жылғы қаңтарда Каспий Құбыр Консорциумы тарапынан мұнай қабылдауда сақталып отырған шектеулерді ескере отырып, мұнайды қайта бағыттау жөніндегі іс-шаралар жалғасатын болады.
Қазақстан мұнайын тасымалдаудың қосымша бағыттары бойынша жұмыс жалғасуда:
Сонымен қатар Қазақстан мұнайы экспорттық бағытқа — Қытай Халық Республикасына тұрақты тасымалданып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚХР-ға 1,1 млн тонна мұнай экспортталды.