Қырғызстан телеарналары орыс тілінің үлесін қысқартып жатыр

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Қырғызстанда телекомпаниялар эфирлік хабарлардың 60 пайызын мемлекеттік тілде көрсетуге тиіс. Бұл талап заңда бекітілген. Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты жөніндегі вице-министр Марат Тағаев 16 қаңтар, жұма күні медиа өкілдерімен өткен жиында осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰЛТТЫҚ КОНТЕНТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Телекомпаниялар ақпан айының соңына дейін «Қырғызфильм» және «Қырғызсериал» мекемелерімен келісімшарт жасасуы қажет. Осы арқылы олар ұлттық тілдегі контентпен қамтамасыз етіледі. Тағаевтың айтуынша, билік телекомпанияларға тегін түрде 400-ден астам фильм, 40 мультфильм және 10 сериалды осы мекемелердің қорынан берген.

ЗАҢДЫ ҚАТАҢ САҚТАУ ҚАЖЕТ

 Біз жеке телекомпаниялардың дамуына және олардың өз стратегияларын жүзеге асыруына кедергі келтірмейміз. Бірақ заң талаптары, әсіресе тілге қатысты нормалар қатаң сақталуы тиіс, — деді вице-министр.

Оның сөзінше, кейбір жеке арналар заң талабын орындау үшін он жыл бұрынғы бағдарламаларды қайта көрсетіп, жаңа отандық контент жасамай отыр.

ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР

Өткен жылдың тамыз айында Қырғызстанда мемлекеттік тілді телехабарларда қолдану туралы заңға түзетулер енгізіліп, қазақша бағдарламалардың үлесі 50 пайыздан 60 пайызға дейін арттырылды.

ШЕТЕЛДІК ТЕЛЕАРНАЛАРДЫҢ ҮСТЕМДІГІ

«Радио Азаттық» дерегінше, Қырғызстандағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде ресейлік арналар басымдыққа ие. Олардың қатарында «Первый канал», «Россия 24», «Культура» және «Звезда» бар.