Ұлыбритания Ресейге қысымды күшейтуді талап етті

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иветт Купер Ресей президенті Владимир Путинмен диалогты қайта бастау жөніндегі Франция президенті Эммануэль Макрон мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелонидің ұсынысын қабылдамады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы ол 15 қаңтарда америкалық Politico басылымына берген сұхбатында айтты

Бізге Путиннің шын мәнінде бейбітшілікке дайын екендігін дәлелдейтін нақты айғақтар қажет. Қазіргі уақытта ондайды көріп отырған жоқпын, — деді Купер

УКРАИНА ЖӘНЕ ОДАҚТАСТАРЫНЫҢ ҮЛЕСІ

Купердің айтуынша, негізгі дипломатиялық күш-жігерді қазір Украина мен оның жақын одақтастары жұмсап отыр.

Біз АҚШ-пен бірлесіп, Еуропаның қолдауымен Украина жүргізіп жатқан бейбіт келісім жоспарларын әзірлеу жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарағанын көріп отырмыз. Ал Кремль басшысы келіссөздер үстеліне отыруға дайын емес, — деп атап өтті министр.

ҚЫСЫМДЫ КҮШЕЙТУ ҚАЖЕТ

Осы себепті Купер Украинаға қолдау көрсететін елдерге соғысты тоқтату үшін Путинмен сөйлесудің орнына Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды күшейтіп, әскери көмекті арттыру қажет екенін айтты.

АҚШ БАРЛАУЫ: ПУТИН БҮКІЛ УКРАИНАНЫ БАҚЫЛАУҒА ТЫРЫСАДЫ

2025 жылдың желтоқсанында Reuters агенттігі дереккөздерге сүйене отырып, АҚШ барлау қызметінің бағалауы бойынша Владимир Путин әлі де Украина аумағының барлығын бақылауға алуға ұмтылып отырғанын хабарлады. Бұл оның бейбіт келісімге дайын екендігі туралы жария мәлімдемелеріне қарамастан жасалған тұжырым.

ЕУРОПАЛЫҚ БАҒАЛАУЛАР

Reuters дереккөздерінің айтуынша, америкалық барлау қорытындылары еуропалық арнайы қызметтердің бағалауымен сәйкес келеді. Еуропалық саясаткерлер де бірнеше рет Ресей президентінің бейбітшілікке мүдделі емес екенін мәлімдеген. Мәселен, Германияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль 2025 жылдың желтоқсан айының басында Путин Украинаның бейбіт келіссөздерін бастамау үшін үнемі сылтау іздеп отырғанын айтқан.