Қайтыс болған адамды да емдеген: МӘМС жүйесінің былығы ашылды

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Үкіметте әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметіне жасалған талдау қорытындысы жарияланды. Тексеру барысында ұйым жұмысында көптеген жүйелік заңбұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қаржы министрі Мади Такиев премьер-министрге есеп бере отырып, бюджет шығындары өсіп жатқанына қарамастан, қордың тиімділігі артпай отырғанын айтты.

БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ

2026 жылы осы мақсаттарға жұмсалатын қаражат көлемі 2,4 триллион теңгені құрайды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеге көп.

IT-АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсету жүйелеріне қатысты IT-аудит бірқатар жүйелік заңбұзушылықтарды анықтады. Такиев нақты мысалдар келтірді:

  • Астанадағы жеке клиника дәрігері бір күнде 1 442 науқасты «қабылдаған». Әдетте бір дәрігер күніне орта есеппен 24 адамды қабылдайды (6 сағаттық жұмыс күніне шаққанда әр пациентке 15 минуттан). Сол клиникадағы басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған;
  • Бір маман бір айда 1 713 жағдайды «емдеп шыққан», кей күндері 300–400 қаралу тіркелген;
  • 996 қайтыс болған науқасқа 3 640 медициналық қызмет көрсетілген. Тіпті 2023 жылы қайтыс болған пациентке 2025 жылы қабылдауға жазылу тіркелген;
  • 1,8 миллиард теңгеге шамамен 800 000 скрининг жасалған, бірақ олардың көпшілігі пациенттің жынысына сәйкес келмеген. Мысалы, 768 827 ер адам әйелдерге арналған ауруға (жатыр мойны қатерлі ісігі) скринингтен өткен, 619 ер адам маммографиядан (сүт безін зерттеу) өткен. Тек Алматы облысындағы бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталған;
  • Балаларға қатысты шамамен 70 000 дәрі-дәрмек жазылымы жүйеге артық енгізілген;
  • Бір науқасқа бір тәулікте 3 000-ға жуық дәрі-дәрмек жазылған.