Астанадағы көпқабатты үйде өрт шықты

Сырым Қаржас
Pexels.com

Астананың Алматы ауданында, Бауыржан Момышұлы даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Өрт 10-қабатта шыққан. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде балконда ашық жалын болған. Өрттің таралу қаупіне байланысты құтқарушылар бірден жоғары шақырту санаты бойынша жұмыс істеген. Жоғарғы қабаттардан сегіз адам эвакуацияланды. Көршілес пәтерден екі бала қауіпсіз жерге шығарылды. 112 желісіне зардап шеккендер туралы хабар түспеген. Өрт толықтай сөндірілді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының Ертішск ауылында жеке тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапқан еді.