Трамп "Бейбітшілік кеңесі" мүшелігі үшін 1 млрд доллар төлеуі мүмкін – Bloomberg

Сырым Қаржас
Anna Moneymaker / Getty Images

Bloomberg басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі құрылып жатқан "Бейбітшілік кеңесі" мүшелігі үшін 1 миллиард доллар көлемінде жарна енгізу мүмкіндігін талқылаған болуы мүмкін. Бұл дерек жаңа органның жарғы жобасына негізделген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақ үй бұл ақпаратты жоққа шығарды. Онда мүшелік үшін "минималды жарна" жоқ екені және төлемдер жайлы ақпарат дұрыс берілмегені айтылған.

Әкімшілік мәліметінше, серіктес мемлекеттерге бейбітшілік, қауіпсіздік және өркендеуді қолдайтын қағидаларды бөліссе, тұрақты мүшелік ұсынылуы мүмкін.

КОНТЕКСТ

Bloomberg мәліметінше, Трамп "Бейбітшілік кеңесінің" алғашқы төрағасы болады. Мүшелікті үш жылға шектеу жоспарланып отыр, бірақ төраға мандатты ұзартуға құқылы.

Ал Reuters-тің хабарлауынша, қазіргі уақытта Bloomberg берген ақпаратты тәуелсіз дереккөздермен растау мүмкін болмаған.