Үйде үлесі барлар да ипотека рәсімдей алады

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Бұған дейін тұрғын үйде үлесі бар азаматтар мемлекеттік қолдаудан автоматты түрде айырылатын. Енді бұл шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жаңа тәртіп 2026 жылдың ақпан айынан бастап күшіне енеді.

Анықталғандай, бұл шара әзірге заң деңгейінде бекітілмеген, тек Отбасы банкінің бастамасы ретінде енгізіліп отыр.

БАНКТІҢ ТҮСІНІКТЕМЕСІ

«Енді, егер адамның тұрғын үйде үлесі болса да, ол кезекте тұрса, мемлекеттен көмек ала алады. Бұл – банктің бастамасы, себебі заң жүзінде бұл мәселе әлі реттелмеген», – делінген Отбасы банкінің хабарламасында.

Осылайша, тұрғын үйде үлесі бар кезектегілер жеңілдетілген ипотека рәсімдеуге және арендалық баспанаға (кейін сатып алу мүмкіндігімен немесе онсыз) үміткер бола алады.

КОНТЕКСТ

2026 жылы қазақстандықтарға бірнеше мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді болып қала береді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Алдағы жарты жылда Қазақстандағы ипотекалық нарықта өзгеріс болуы мүмкін. Билік шілде айынан бастап тұрғын үй несиесінің жылдық мөлшерлемесін 20 пайыздан асырмауды көздеп отырғанын жазған едік.