Трамптың арнайы өкілі Путинмен кездеспек

Сырым Қаржас
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф бейсенбі күні Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның сөзінше, ол Ресейге Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен бірге аттанады, деп жазады Reuters.

- Иә, біз бейсенбі күні онымен кездесуіміз керек. Алайда бұл кездесуді ресейлік тараптың өзі сұрап отыр. Менің ойымша, бұл олардың тарапынан жасалған маңызды қадам, — деді Виткофф CNBC телеарнасына берген сұхбатында Путинді меңзей отырып.

Өткен аптада Кремль Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді Мәскеуде Украина бойынша бейбіт келіссөздер аясында қабылдауға дайындалып жатқанын хабарлаған болатын. Алайда нақты күндері сол кезде белгіленбеген еді.

Ал Путин Трамптың Бейбітшілік кеңесінің құрамына ене ме деген сұраққа Виткофф:

- Иә, солай деп ойлаймын, — деп жауап беріп, Ресей президентіне бұл жөнінде ресми шақырту жіберілгенін растады.