Франция Жерорта теңізінде Ресей танкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Францияның әскери-теңіз күштері Жерорта теңізінің батыс бөлігінде Ресейдің «көлеңкелі флотына» қатысы бар деген күдікке ілінген GRINCH атты ресейлік мұнай танкерін тоқтатты. Операция Испанияның оңтүстік жағалауы мен Марокконың солтүстік жағалауы арасындағы аумақта өткенін.
Франция президенті Эмманюэль Макрон операция барысында Францияны бірнеше одақтас ел, соның ішінде Ұлыбритания қолдағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған кеме халықаралық санкцияларға іліккен және, болжам бойынша, жалған тумен жүзген.
Марсель прокуратурасы танкердің бағытын өзгертіп, оны қосымша тексеру жүргізу үшін басқа бағытқа жіберу жөнінде шешім қабылдады.
Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде бұл операция «қажет болған нақты табандылықты көрсетеді» деп жазды. Ол кемелерді ұстау мен тасымалданған мұнайды тәркілеуді қоса алғанда, қатаң шаралар қабылдауға шақырды.
Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі «Ресей билігі қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін танкер бортында Ресей азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр» деп жазды.
Контекст
Бұған дейін, қазан айында, Франция өз елінің батыс жағалауында санкцияға ілінген тағы бір танкерді ұстаған болатын, алайда бірнеше күннен кейін кеме босатылған.
Бұдан өзге АҚШ-та Ресейдің «көлеңкелі флотына» тиесілі танкерлерді ұстаған.