Ертең, 25 қаңтарда елдің басым бөлігінде қар жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады. Күндіз оңтүстік-батыс пен оңтүстікте аралас жауын-шашын – жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.
Республика бойынша тұман түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталық өңірлерде боран болжанып отыр. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал, ал шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста екпіні күшті жел соғады.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін бүгін, 24 қаңтарда Қазақстанның қай өңірлерінде ауа сапасы нашарлайтынын хабарлаған едік.