"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 26 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады.
– Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, – деп болжады "Қазгидромет".
Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, ал оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде көктайғақ болады.