Алматыда автобус жүргізушісі рульде келе жатып көз жұмды

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Алматы қаласында №92 бағытындағы автобустың жүргізушісі рульде отырған сәтінде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, 55 жастағы ер адамғда жүрек бұлшықетінің жедел инфаркті болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ ЖАЙ-ЖАПСАРЫ

Қайғылы жағдай 25 қаңтар күні Абая даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында орын алды. Автобус қызыл түске тоқтаған кезде жүргізушінің жағдайы күрт нашарлап кеткен.

«Алматыэлектротранс» компаниясының хабарлауынша, бір жолаушы кабинаға кіріп, тежегіш педальді басып үлгерген. Соның арқасында ықтимал апаттың алдын алуға мүмкіндік туды. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырғанымен, келген дәрігерлер жүргізушінің өмірін сақтап қала алмады. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Автопарк өкілдері жүргізуші рейске шығар алдында таңғы 06:10-да міндетті медициналық тексеруден өткенін, ал автобус 06:24-те техникалық бақылаудан өткізілгенін мәлімдеді. Бұл күн жүргізушінің демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні болған. Ол екі күн жұмыс, екі күн демалыс кестесімен жүрген.

Оқиға орнына Әуезов ауданының жол полициясы қызметкерлері келіп, тексеріс жүргізді. Автобустан ешқандай техникалық ақау табылған жоқ. Қажетті рәсімдерден кейін көлік автопаркке жеткізілді.

КОНТЕКСТ

Компания деректеріне сәйкес, жүргізуші 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеген. Ол диспансерлік есепте тұрмаған және денсаулығына қатысты бұрын ешқандай шағым айтпаған. Ұйым басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, заң аясында көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.