Алматыда белсенді, блогер Мирболат Мырзатайұлының ісі бойынша апелляциялық сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Алматының қалалық сотына Мирболат Мырзатайұлының 60-тан астам жақтасы жиналды. Олар процесті онлайн бақылап отыр.
Сот ғимараты маңында полиция күзеті күшейтілген. Автозак, потрульдік полиция машиналарының қарасы көп.
КОНТЕКСТ
Мирболат Мырзатайұлы былтыр қыркүйек айында ұсталып, оған қоқыс жинайтын мекеме басшысынан мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткені үшін «ұлтаралық араздықты қоздырды» деген айып тағылған. Алмалы аудандық соты оны төрт жылға түрме жазасына кескен. Белсенді өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіспеген. Ол апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.
15 қаңтарда Мирболат Мырзатайұлы Алматыдан Тараз түрмесіне ауыстырылды.