Қытайда Мьянма аумағында әрекет еткен алаяқтық орталықтармен байланысы бар 11 адамға қатысты өлім жазасы орындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, сөз шекара маңындағы аудандарда жұмыс істеген қылмыстық топтар туралы болып отыр. Олар интернет-алаяқтыққа маманданған call-орталықтардың қызметін ұйымдастырған.
БҰҰ деректеріне сәйкес, мұндай орталықтарда жұмыс істегендердің көпшілігі ол жерге алдау арқылы жеткізілген. Оларға заңды жұмыс уәде етіліп, кейін ұрланып, мәжбүрлі еңбекке тартылған.
Сот үкімімен жазаланғандар бірқатар аса ауыр қылмыстарға кінәлі деп танылды. Атап айтқанда, қасақана адам өлтіру, ауыр дене жарақатын келтіру, заңсыз бас бостандығынан айыру, алаяқтық, сондай-ақ астыртын казино ұйымдастыру баптары бойынша айып тағылғанын РБК нақтылайды.
КОНТЕКСТ
Бұған дейін Мьянманың Ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік кеңесі жанындағы ақпараттық топ басшысы Зау Мин Тун соңғы екі жылдан астам уақыт ішінде интернет-алаяқтыққа қатысы бар 70 мыңнан астам шетелдік азаматтың өз елдеріне қайтарылғанын мәлімдеген. Олар 54 мемлекетке жіберілген.