Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары ұсталды

Ulysmedia

Павлодарда "Қазпошта" филиалы басшысының орынбасары пара алды деген күдікке ілінді, деп хабалайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, күдікті орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым өкілдерінен екі миллион теңге сұраған.

Аталған факті пошта операторының ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен анықтаған.

Қазіргі таңда ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған. Күдіктіге қатысты нақты шешімді сот анықтайды. 

"Ол орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерді екі миллион теңге пара беруге бопсалаған.  Күні кеше ол сот санкциясымен қамауға алынды", – деді Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің жетекшісі Дархан Құрақбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Таразда студенттен пара алу кезінде ЖОО оқытушысы ұсталған.