Қазақстанда банктердің бірінің таратылуы мүмкін екені туралы қауесет белсенді түрде тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Digitalbusiness.kz мәліметінше, әлеуметтік желі қолданушылары жинақтарының сақталуына алаңдаушылық білдіруде. Қауесеттер аты аталмаған қаржы ұйымында заңсыз транзакциялар жасалғаны жөніндегі хабарламалармен күшейе түскен. Алайда практик-инвестор, сарапшы Тұрар Әбді қазақстандықтарды сабырға шақырды. Оның айтуынша, ірі банктердің ешқайсысы күмәнді операциялармен байланысты болған емес.
– Менің ойымша, әңгіме мұндай жағдайлар оңай орын алуы мүмкін шағын банк туралы болып отыр. Үрейге берілмеңіздер. Бізде депозиттер сақтандырылған: қарапайым салымдар бойынша — 10 млн теңгеге дейін, ал жинақ депозиттері бойынша — 20 млн теңгеге дейін. Тіпті қандай да бір банк лицензиясынан айырылған жағдайда да, осы көлемдегі қаражат толық қорғалады. Менің өз басымнан да мұндай жағдай өткен. QAZAQ Bank жабылған кезде, онда шамамен 10 млн теңгем болған. Банк жұмысын тоқтатты, ал мен бір апта ішінде сақтандыру арқылы ақшамды еш қиындықсыз алып шықтым, — деп атап өтті қаржыгер.