Зеленский Путинді Киевке шақыратынын мәлімдеді

Сырым Қаржас
Фото: reuters

Владимир Зеленский журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ресейдің өзі мен Владимир Путиннің Мәскеуде кездесу өткізу туралы ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

— Мен оны Киевке де шақыра аламын, келсін. Егер батылы жетсе, ашық түрде шақырамын. Ал егер біреу кездескісі келмей, бірақ қандай да бір себеппен оны ашық айтуға мүмкіндігі болмаса, онда Мәскеуге шақыру сияқты ұсыныстар айтыла береді, — деді Зеленский.

Ол мұндай кездесудің мүмкін еместігін де атап өтті, деп жазады «Медуза».

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Владимир Путин Зеленскийге 2025 жылдың күзінде Мәскеуге жеке кездесу үшін келуді ұсынған болатын.

Ал 2026 жылғы 23–24 қаңтарда Абу-Дабиде өткен үшжақты келіссөздерден кейін бұл ұсынысты Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков қайта көтерді.