Қазақстанның 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Сырым Қаржас
ЖИ/Ulysmedia

Синоптиктер 1 ақпанда Қазақстанның бірнеше қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Көкшетау, Астана, Риддер, Семей, Өскемен, Қостанай және Ақтөбе қалаларында күтіледі. Ал түнгі уақытта мұндай жағдай Петропавлда болжанып отыр.

АНЫҚТАМА

Мұндай кезде атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы артып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға келесі сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

  • Далада, әсіресе, автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында ұзақ уақыт жүрмеу;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге далада ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Созылмалы тыныс алу жолдары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру;
  • Далада физикалық белсенділікті шектеу, спортпен ғимараттарда айналысу.