Шешен оппозиционерінің ағасы қазақстандықтарға үндеу жасады

Сырым Қаржас
azattyq.org

Шешен оппозиционері Мансур Мовлаевтың ағасы Хусейн Мовлаев қазақстандықтарға оны Ресейге экстрадициялауға жол бермеуді сұрап үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында үндеу жасап, Қазақстан азаматтарын бейжай қалмауға, өзіне қолдау білдіріп, экстрадицияны болдырмауға шақырды. Оның айтуынша, Мансур шешендер «екінші үйіміз» деп санайтын Қазақстанға қашып келген. Сондай-ақ ол 1944 жылы Қазақстан жер аударылған шешендерді қабылдап, оларды қырғыннан аман алып қалғанын еске салды.

– Оны бермеңіздер (Ресейге), бейжай қалмаңыздар, – деп үндеу тастады ол.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бас прокуратурасы шешенстандық оппозиционерді Ресейге тапсыруға келіскен болатын

Еске сала кетейік, 2020 жылы Шешенстан билігін сынға алған Мовлаев Ресейде есірткі сақтады деген айыппен сотталған. Ол шамамен 1,5 жыл түрмеде отырып, 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Қорғау тарапы істің күштік құрылымдар тарапынан жасалған қысыммен байланысты болғанын мәлімдейді. Бостандыққа шыққаннан кейін белсенді пробациялық бақылауда болып, Шешенстанда тұрақты түрде тіркеліп тұруға міндеттелген.