"Қазақстан қақтығысты тек саяси және дипломатиялық жолмен реттеуді қолдайды": Тоқаев Ресей-Украина соғысы туралы

Рая Минап
ашық дереккөзден

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанның The News International газетіне берген сұхбатында Ресей-Украина қақтығысында Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Президент бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін айта келе, қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру деп мілімдеді. 

 

- Расында, жағдай аса күрделі. Бұл жердегі ең басты мәселе – территориялық талас екенін түсінеміз. Қазақстан қақтығысты тек саяси, дипломатиялық амалдармен реттеуге болады деп есептейді. Қазіргі жағдайда бейбітшілікке қол жеткізудің жалғыз жолы – қақтығысқа қатысушы тараптарды келіссөзге келістіру. Бұған кәміл сенеміз.Қазақстан араағайын рөлін атқаруға ұмтылмайды. Алайда еліміз келіссөздерге бейтарап алаң ұсынып, жан-жақты көмектесуге дайын, – .деді Тоқаев.