Сот белсенді Айдар Сыздықовтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ақмола облысының Зеренді аудындық соты Айдар Сыздықовтың мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін орындамады. Адвокат Мейіржан Досқараев апелляциялық шағым түсірмек.
Өтініштің қанағаттанбауына белсенді қамауда отырған мекеме тарапынан оған қатысты «оң мінездеме жоқ екені» айтылған.
Белсенді Айдар Сыздықов былтыр да мерзімінен бұрын босатуға өтініш берген. Бірақ ол уақытта да сот белсендінің «түзелмегенін», «теріс қимыл-әрекеттері бар» екенін алға тартып, оны қанағаттандырмаған.
«Есірткі сақтады» деп айыпталған астаналық белсенді Айдар Сыздықов 2024 жылы күзде бес жылға сотталған. Оның ісін сараптаған құқық қорғаушылар Сыздықовты «саяси тұтқындар» қатарына қосқан. Ресми Астана елде саяси қудалау барын мойындамайды.