Петропавлда су құбыры жарылып, тұрғындар сусыз қалды

Ulysmedia

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қаладағы су құбыры зақымдалғанын, сол себепті бірнеше ықшамаудандағы жеке секторларда су беру тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Қала басшысының ақпараты бойынша, 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесіне жақын теміржол маңындағы су құбыры зақымдалғаны туралы таңертең белгілі болды. «Қызылжар су» ЖШС апат бригадасы құбырды бітеп жатыр.

«Құбырды бітеп болғаннан кейін мамандар бірден зақымдалған жерді жөндеуге кіріседі. Су бөлетін мұнаралар мен Жұмысшылар ауылы Пугачева көшесіндегі жер үйлерді, вокзал аймағы мен «Береке» ықшамауданын сумен қамту уақытша тоқтатылады, оларға ауыз су жеткізіледі. Бұл мәселені мен жеке қадағалап отырмын», - деп пікір білдірді Руслан Аңбаев.

Петропавлда биыл қыста су құбыры бірінші рет жарылып тұрған жоқ. Ең кейінгісі желтоқсан айында дәл осы 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесінде, теміржолға жақын маңда болған еді.