Туды өртеп, елтаңбаны талқандаған бейнежазбаның қай жерде түсірілгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Әлеуметтік желіде тараған мемлекеттік туды өртеп, елтаңбаны талқандаған видеоның қайда түсірілгені белгілі болды. Желі қолданушыларының сынына қалған бейнежазба Павлодардағы мектептердің бірінде түсірілген.
Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 5 ақпанда Павлодардағы М.Жүсіп атындағы мектепте заңға сай, мектеп комиссиясы тарапынан ұлттық стандарт пен техникалық талаптарға сәйкес келмейтін заттарды жою жұмыстары жүргізілген.
«Аталған іс-әрекеттердің бейнетіркеуі тек қызметтік мақсатта жүргізілген және таратуға арналмаған. Іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне тиісті деңгейде бақылау жасалмауына байланысты мектеп басшысына қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», – делінген білім бөлімінің хабарламасында.