Қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлерге ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды

Сырым Қаржас
фото: staya_drift

Қазақ қыздарын қорлаған ресейлік стримерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәліметінше, Ресей азаматтары Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – ұлтаралық араздықты қоздыру бойынша іс тіркелген.

Бұған дейін олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған болатын.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментіне арызды белсенді Диас Құзаиров түсірген. Ол стримерлерді ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Белсендінің айтуынша, аталған блогерлер бұған дейін де Қазақстан аумағында осындай әрекеттерге барған, алайда оларға қатысты тиісті құқықтық шаралар қолданылмаған.