Ақтөбеде жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті

Ulysmedia

Ақтөбеде демалыс базасының бірінің аумағында жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

2023 жылғы 28 қаңтарда сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетті.

Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болды, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала, оның ішінде бір жасар бала медицина мекемесіне жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.