Көлік апатынан кейін Адам Қадыровтың көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін

Ulysmedia
Адам Қадыров. Фото: @Kadyrov_95 / Telegram

Грозный қаласында болған жол апатынан кейін Адам Қадыровтың көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

«Новая газета Европа» басылымының жазуынша, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың 18 жастағы ұлы Адам Қадыровтың қаңтар айында Грозный қаласында болған жол апатынан кейін көк бауырын алып тастаған болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, басылымның дереккөзі Адам Қадыровқа алты айға қатаң диета тағайындалғанын айтқан. Жақ сүйегінің сынуына байланысты ол қатты тағамдар жей алмайды. Осыған байланысты кіші Қадыров үш апта ішінде көп салмақ жоғалтқан.

Сонымен қатар, дәрігерлер Адам Қадыровтың көру жүйесіне зақым келгенін анықтаған. Оның салдары әзірге белгісіз. Бірақ болашақта бір көзі көрмей қалуы мүмкін.

Контекст

Рамзан Кадыровнің Telegram-арнасы 10 ақпанда видео жариялады. Онда кешкі ас кезінде Адам Қадыров бөлмеге кіріп бара жатқан сәт бейнеленген. Видеодан оның айтарлықтай салмақ жоғалтқаны байқалады.

Қаңтардың ортасында Адам Қадыровтың Грозныйда жол апатына түскені туралы ақпарат тараған. Кейіннен оның Мәскеудегі Боткин клиникасына жеткізілгені туралы айтылған.