Қостанайдағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан азамат көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, оның қайтыс болған сәті бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Қазіргі уақытта аталған мекемеде қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
Марқұм есірткіге қатысты қылмыс үшін жазасын өтеп жүрген.
Контекст
Былтыр желтоқсанда мәжіліс депутаты Абзал Құспан тергеу изоляторлары мен түрмелерде өлім көбейгенін айтып, бас прокурор Берік Асыловтың атына сауал жолдап, қылмыстық атқару жүйесінде адамгершілікке жат әрекеттердің болып жатқанын айтып, дабыл қаққан.
Бұдан өзге Абзал Құспан тергеу изоляторы мен түрмедегі өлімге байланысты статистиканы да мысалға келтірді. Ол бойынша жылына жүзден астам адам қамауда көз жұмады.
Ресми статистика: