Әзілкеш Таиланд пен Қытайдың ірі қалаларына сапар жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
25 ақпанда Нұрлан Сабуров Таиландтың Пхукет қаласында өнер көрсетеді. Бұл концертке билеттер әлі де сатылымда, яғни шара әзірге тоқтатылған жоқ.
Концерт шамамен 2 мың көрермен сыятын Royal Phuket City Hotel-де өтеді. Билеттердің құны — 19 мыңнан 130 мың теңгеге дейін. Айта кету керек, комиктің ресми сайтында бағалар ресейлік валютада көрсетілген.
Сондай-ақ сәуір айында Сабуров Қытайдың Шанхай, Гуанчжоу және Бейжің қалаларында өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Еске салайық, комикке Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған.
ТЕКСЕРІС
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзілкеш Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру бастағанын мәлімдеген еді.