2026 жылы Қазақстан жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 50 экономиканың қатарына кірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) бағалауынша, 2026 жылы Қазақстанның номинал ЖІӨ-сі шамамен 320 млрд долларды құрайды. Осылайша, Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлемнің 50 ірі экономикасы тізіміне енген жалғыз мемлекет болып отыр.
ХВҚ дерегінде республика орта ауқымдағы экономикасы бар елдер санатына жатқызылған. Қазақстан бұл қатарда Перу, Португалия және Финляндия сияқты мемлекеттермен бір деңгейде тұр.
Әлемдік рейтингтің көшбасшылары өзгеріссіз қалып отыр. АҚШ — шамамен 31,8 трлн доллар, ал Қытай — 20,6 трлн доллар көлеміндегі ЖІӨ-мен алғашқы орындарды иеленген. Сондай-ақ ірі экономикалар қатарында Германия, Үндістан, Жапония және Ұлыбритания бар.
ХВҚ болжамына сәйкес, 2026 жылы әлемдік экономиканың жиынтық көлемі 123,6 трлн долларға жетеді.