АҚШ Украинаға қатысты келісімге 4 шілдеге дейін қол жеткізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
ТОЛЫҒЫРАҚ
4 шілде — АҚШ-тың Тәуелсіздік күні.
Bloomberg дерегінше, одақтастар АҚШ бұл келісімді елде 4 шілдеде атап өтілетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін жасауға ұмтылып отырғанын айтады.
– Одақтастардың айтуынша, АҚШ 4 шілдеде өтетін Тәуелсіздік күнінің 250 жылдығына дейін келісімге келуге тырысып жатыр, – деп жазады басылым.
Алайда дереккөздердің айтуынша, Ресейдің өзіне маңызды талаптарға сай келмейтін келісімге баруға дайын екеніне әзірге ешқандай белгі жоқ.
Сондай-ақ Абу-Дабиде және Женевада өткен келіссөздердің барлық кезеңі әзірге қақтығысты шешуге алып келген жоқ.