Шешенстандық оппозиционер Мовлаев экстрадицияланбайтын болды

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Шешенстандық оппозиционер Мансур Мовлаев экстрадицияланбайтын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы адвокат Мұрат Адам хабарлады. 

- Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Мансур Мовлаевты экстрадициялауды тоқтатты! Әріптестерді, Мансурды және өмір үшін жүріп жатқан күресте оны қолдап жүрген барша жанды құттықтаймын, – дейді адвокат. 

БҰҰ

Еске салайық, бұған дейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті Мансур Мовлаевке қатысты іс бойынша шұғыл шара қабылдап, Қазақстан Республикасына оны Ресейге экстрадициялаудан уақытша бас тартуды міндеттеген болатын