Қазақстанда колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстау тәртібі өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ішкі істер министрлігі қоғамдық талқылауға шығарған бұйрық жобасында ішкі тәртіп ережелерін, соның ішінде сотталғандардың тәртібін бағалау жүйесін жаңарту көзделген. Қылмыстық-атқару жүйесінде мінез-құлық деңгейі теріс бағадан оң бағаға дейін бөлінеді. Осы деңгейге қарай ұстау жағдайы мен берілетін жеңілдіктер анықталады. Үшінші оң деңгей тәртіпті ұзақ уақыт бұзбай сақтаған сотталғандарға беріледі.
Ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында:
үшінші оң деңгейі бар сотталғандар үшін «тыныш уақыт» енгізу;
қауіпсіздігі ең төмен колонияларда жазасын өтеп, жұмысқа шығатын сотталғандарға мекеме аумағынан тыс жерде смартфон пайдалануға рұқсат беру;
кездесуге бару немесе қалаға шығу үшін өтініштерді өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы тапсыру мүмкіндігі.