Иран күйреп жатыр ма, Қазақстан өзгеріске дайын ба? – Ұлыс апта

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраева аптаның маңызды оқиғаларын қорытындылап шықты. Саяси шолуда көтерілген тақырыптар өзекті және қазақ қоғамы үшін маңызды деп есептейміз.

Әлем үшінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында тұр ма? Иран режимі құлаудың алдында ма? Трамп Иранға қысым жасап, Таяу Шығысты бақылауына алмақ деген болжамдар айтылып жатыр. Израиль мен Иран жасаған шабуылдан Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тапты. Жарты ғасырға жуық авторитарлық режимді құрған Хаменеи өлімі қандай өзгерістер әкеледі?

Ирандағы қақтығыс Қазақстанға қалай әсер етпек? Сарапшы Жәнібек Көпжасар мен экономист Қажыкелді Шамбылдың пікірін білдік.

Төрт жылға созылған Украинадағы соғыс Ресейді әлсіретті ме, әлде Путиннің ашуын күшейтті ме? Бұл созылмалы соғыс кімге тиімді? Ресейлік тарихшысымақтар неге қазақтың тарихы мен жеріне қайта-қайта тиісіп жүр?

Қазақстанға Сербия президенті Александр Вучич келді. Екі елдің сауда қарым-қатынасы қалай өзгермек? 

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдап, ашық референдум өткізуді тапсырды. Елде референдумға дайындық қалай жүріп жатыр?

Белсенді Оразалы Ержанов ұсталды. Әлеуметтік желіде байкот жариялау енді қылмыс па?

Атышулы "Самұрық-Қазына" компаниясында қысқарту басталды. Бұл туралы компания басшысы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді. Тоқаев сынға алған "кофе ішіп жүрген менеджерлер" кімдер?

Әскердегі жағдай өзгеретін болды ма? Бас прокурор Берік Асылов не деді? Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың уәжі қандай?

Саяси шолудың толық нұсқасын Ulysmedia.kz YouTube арнасынан көре аласыздар.