Қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлер бостандыққа шықты

Сырым Қаржас
staya_drift

Ресейлік стример Анар Абдуллаев Қазақстандық қыздарға қатысты қорлайтын мәлімдемелер жасағаны үшін Қазақстанда 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғаннан кейін болған жағдайға түсініктеме берді. Ол өзіне қолданылған жазаны әділ деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Видеоүндеуін ол Telegram-арнасында жариялаған. Абдуллаевтың айтуынша, болған оқиға әлі күнге дейін өзіне шындыққа жанаспайтындай көрінеді. Ол Ренатпен бірге «өте ауыр жолдан» өткенін айтып, өздерінің әділ жазаға тартылғанын мойындады. Сондай-ақ стример ешкімді қорлауды немесе қолайсыздық тудыруды мақсат етпегенін атап өтті.

– Қазақтың бүкіл халқынан тағы да кешірім сұраймын, осылай болғанына өкініш білдіремін. Ешкімнің көңіліне тигім келмеді, әсіресе ренжітуді ойлаған жоқпын. Мен – ашық-жарқын адаммын. Баршаңызға үлкен қолдау үшін рақмет! Мен үйдемін! Мен оралдым! – деді ол.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментіне арызды белсенді Диас Құзаиров түсірген. Ол стримерлерді ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.

Ал 11 ақпанда қазақ қыздарына тіл тигізген стримерлерге ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша іс қозғалды