Kaspi.kz Kaspi Travel арқылы турлар немесе «бару–қайту» әуе билеттерін сатып алып, қазіргі уақытта Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол өңірде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған клиенттеріне материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады.
Өңірде мәжбүрлі түрде болған кезеңде Kaspi Gold картасына күн сайын материалдық көмек аударылады:
тәулігіне 35 000 ₸ — әрбір ересек адамға
тәулігіне 15 000 ₸ — әрбір балаға
Kaspi.kz клиенттерімен байланыста болып, оларды қолдау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Қауіпсіз жерлерде болуларыңызды, Қазақстан Республикасының елшіліктері мен консулдықтарымен байланыста болуды және ресми нұсқауларды орындау сұралады.