Иран келіссөз жүргізуге ниетті емес – ИИР-дің Қазақстандағы елшісі

Сырым Қаржас
Фото: TRT

Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Әли Акбар Джоукар АҚШ-пен келіссөздердің қайта басталуына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Елшінің айтуынша, Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының соңғы ұстанымына сәйкес, қазір Тегеран келіссөз жүргізуді жоспарлап отырған жоқ.

– Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысының соңғы мәлімдемесіне сүйене отырып айтарым, әзірге Иран келіссөз жүргізуге ниетті емес. Трамп Иран келіссөзге дайын деді, алайда хатшы бұл мәлімдемені жоққа шығарды – бұл Иранның ресми ұстанымына сай келмейді. Өздеріңіз білесіздер, ешбір соғыс мәңгілікке созылмайды. Бұл жерде тек Иран мен АҚШ-тың позициясына ғана емес, әлемдік саясаттың қалай өрбитініне, БҰҰ-ның өзін қалай ұстайтынына да қарау қажет. Өйткені қазіргі таңда АҚШ-ты өз ұстанымын өзгертуге мәжбүрлейтін нақты бір күшті көріп отырған жоқпыз. Яғни, АҚШ-ты қалыпты келіссөздер жүргізуге итермелейтін тетік әзірге жоқ. Сондықтан біз қазір жаһандық саясаттың әрекетсіздігін көріп отырмыз, – деді елші.

Оның айтуынша, халықаралық қауымдастықтың әлсіз реакциясы мен тиімді тетіктердің болмауы қазіргі жағдайда келіссөздер процесінің қайта жандануына мүмкіндік бермей отыр.