Олжас Бектенов Тоқаевтың жеті жылдық президенттігі туралы мақала жазды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

«Егемен Қазақстан» газетінде премьер-министр Олжас Бектеновтің Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеті жылдық президенттік кезеңіне арналған мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Үкімет басшысы объективті қиындықтарға қарамастан, президент елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ете алды деп жазады.

– Президент Тоқаев популизмге берілмейді, қысқа мерзімді нәтижеге ұмтылмайды, – делінген мақалада.

Олжас Бектенов 2019–2025 жылдар аралығындағы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қорытынды жасайды. Оның мәліметінше, Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 6,5 пайызға өскен, ал әлемдік орташа көрсеткіш 3,3 пайыз болған.

Мақалада сондай-ақ елдің түрлі өңірлерінде жаңа өндіріс орындарының іске қосылғаны туралы деректер келтіріледі.

– Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жеті жылда 12,6 трлн теңгеден 22,7 трлн теңгеге дейін артты, – деп жазады премьер-министр.

Сонымен қатар, Бектенов инфрақұрылым мен энергетика саласының дамуына тоқталған. Әлеуметтік бағыттағы бюджет шығыстары 2025 жылы 9,3 трлн теңгені құрағанын атап өтеді.

Мақаласының соңында премьер-министр жаңа Конституция туралы пікір білдіреді.