Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Күнтізбелік көктемнің басталуына байланысты Қазақстан аумағындағы ауа райы солтүстік-батыс циклондар сериясының ықпалында қалыптасады.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. 5–6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күшті жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі, солтүстік өңірлерде боран болжанады.
Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі.