Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады

Сырым Қаржас
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр хабарлады.

Смадиярдың жазуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уақытша басқарушы кеңестің көрші елдерге шабуылдан бас тартқаны туралы шешімін жеткізген Иран президенті Масуд Пезешкианның мәлімдемесін құптайды.

– Қазақстан президенті мұны Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған маңызды қадам деп санайды, – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Иран президенті Әзербайжанға жасалған шабуыл туралы пікір білдірген еді.