Алайда сарапшылар кеңесінің ішінде әлі де шешілуге тиіс кейбір келіспеушіліктер бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Иранның Сарапшылар кеңесі елдің жоғарғы көшбасшысы лауазымына кандидат таңдау бойынша ортақ келісімге келді. Бұл туралы кеңес мүшесі Мохаммад-Мехди Мирбагери Mehr агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейінгі күндері кеңес мүшелері кандидатураны анықтау үшін барынша күш жұмсаған. Алайда кандидаттың есімі әзірше жарияланған жоқ.
– Құдайға шүкір, көпшілік пікірін білдіретін берік әрі бірауыздан қабылданған ұстаным қалыптасты, – деді ол.
Мирбагеридің сөзінше, қазір тек жақын арада шешілуге тиіс аздаған кедергі бар.
АНЫҚТАМА
Иран Конституциясына сәйкес, елдің жоғарғы көшбасшысы қайтыс болған жағдайда мемлекет басшылығы уақытша үш адамнан тұратын кеңеске өтеді. Оның құрамына Иран президенті Масуд Пезешкиан, сот жүйесінің басшысы және Конституцияны қорғау кеңесінің мүшелерінің бірі (аятолла Алиреза Арафи) кіреді.