Щучинск қаласындағы кафелердің бірінде болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды.
— 8-ші наурызда «Авиценна-Бурабай» стационарының жансақтау бөлімінде жатқан пациент қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында ем қабылдап жатқан әйел науқас көз жұмды, — деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.
Контекст
Бұған дейін кафедегі жарылыстан зардап шеккен 9 адамның қаза болғаны айтылған.
26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Плов орталығы» (Центр плова) кафесінде газ жарылып, оның арты өртке ұласқан. Кейіннен кафе иесі қамауға алынғаны туралы хабар тараған. Қылмыстық іс «Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бабы бойынша теркелген