Жағын сындырып, тісін қағып алған: Шымкентте футбол матчы төбелеспен аяқталды

Ulysmedia
Скриншот

Шымкентте «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтарының жастар құрамасы арасында футболдан бақылау матчы өтіп, ойынның соңғы төбелеспен аяқталған, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, «Ордабасы» командасының капитаны «Ақтөбе» ойыншысын ұрып жіберген. Осыдан кейін екі жақтың ойыншылары да футболды ысырып қойып, жұдырықтасуға көшкен.

Төбелесте «Ақтөбе» командасы ойыншысының жағы мен тісі сынған. Клуб төбелеске байланысты Instagram желісінде мәлімдеме жасап, екінші таймның басында ойын барысындағы келіспеушіліктің соңы төбелеске ұласқанын растады.

«Өкінішке қарай, жанжал салдарынан «Ақтөбенің» екі жас ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағы сынып, екіншісі ерін (иек) жарақатын алды. Алғашқысына ота жасалады», –делінген клуб мәлімдемесінде.

Қазақстан футбол федерациясы мен «Ордабасы» футбол клубы болған жағдайға байланысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.