Таяу Шығыстан 10 мыңға жуық қазақстандық қайтарылды

Сырым Қаржас
pixabay.com

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс аймағындағы елдерден 9 926 қазақстандықтың елге қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ведомство мәліметінше, Ираннан Қазақстанның үш азаматы Түрікменстан шекарасындағы құрлықтағы өткізу бекеттері арқылы шығарылған. Олар елге құрлық жолымен жеткізілген.

Жалпы эвакуация басталғалы бері Ираннан Қазақстанға 69 азамат оралған.

Сонымен қатар Израильден 68 қазақстандық эвакуацияланған.