КТК терминалы маңында қазақстандық мұнайды тиеуге келген танкер зақымданды. Кеме Грекия туы астында жүреді. Оқиға туралы Maran Tankers оператор компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Компанияның мәліметінше, 14 наурыз күні таңертең танкер Каспий құбыр консорциумы (КТК) терминалына кіруге рұқсат күтіп тұрған кезде оған белгісіз нысан соғылған. Оқиға шамамен жергілікті уақыт бойынша 04:35-те болған.
Оқиға кезінде кеме Ресейдің аумақтық суларынан тыс жерде тұрған және Қазақстаннан мұнай тиеуге дайындалып жатқан. Бортта 24 экипаж мүшесі болған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Компанияның айтуынша, зақымдану айтарлықтай емес – палубаның жекелеген бөліктері мен кейбір жабдықтар бүлінген. Оқиғадан кейін танкер Новороссийск маңындағы ауданнан кетіп қалған.
АНЫҚТАМА
Каспий құбыр консорциумы терминалы Қазақстан мұнайын экспорттаудың негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі. Қазақстаннан әлемдік нарыққа жеткізілетін мұнайдың басым бөлігі осы бағыт арқылы тасымалданады.
Бұған дейін КҚК арқылы қазақстандық мұнай экспорты кейінгі жеті жылдағы ең төмен деңгейге дейін азайғаны хабарланған еді.