Қазақстанда 15 наурызда қар мен жаңбыр жауады

Сырым Қаржас
shutterstock

Синоптиктер 15 наурызға арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қазгидромет" мәліметінше, жексенбі күні елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде түнде қар жауады. Күндіз осы аймақтарда жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін.

Қазақстанның басқа өңірлерінде айтарлықтай жауын-шашын түсе қоймайды, көбіне құрғақ ауа райы сақталады.

Сонымен қатар ел аумағында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Солтүстік және шығыс өңірлерде жаяу бұрқасын да болуы мүмкін.

Контекст

Бұған дейін синоптиктер бүгін, 14 наурызда Қазақстанның сегіз қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескерткен еді.