Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа Конституция бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Үкімет басшысы №130 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
РЕФЕРЕНДУМ
Бүгін, 15 наурызда, еліміз бойынша сайлау учаскелері сағат 07.00-де ашылатын болса, кей жерлерде 6.00-де ашылды. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Осы уақыттан кейін учаскелік комиссиялар бюллетеньдерді санауға кіріседі, сондықтан кешкі 20:00-ден кейін дауыс беру мүмкін болмайды.
Ulysmedia тілшілері референдум өтіп жатқан учаскелерде жұмыс істейді.
Дауыс беру барысы туралы ақпаратты сайттан және әлеуметтік желілерден оқи аласыздар.