Референдум басталғалы дауыс берген халық саны белгілі болды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Референдум басталғалы дауыс берген халық саны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:

  1. Абай облысы бойынша – 17,98 %.
  2. Ақмола облысы бойынша - 19,82 %.
  3. Ақтөбе облысы бойынша – жиырма бір бүтін жүзден сексен пайыз 21,80 %.
  4. Алматы облысы бойынша – 18,10 %.
  5. Атырау облысы бойынша –19,44 %.
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – он сегіз бүтін жүзден сексен пайыз 18,80 %.
  7. Жамбыл облысы бойынша – 18,49 %.
  8. Жетісу облысы бойынша –  21,01 %.
  9. Қарағанды облысы бойынша - 26,64 %)
  10. Қостанай облысы бойынша –19,24 %.
  11. Қызылорда облысы бойынша – 24,02 %.
  12. Маңғыстау облысы бойынша - 18,53 %
  13. Павлодар облысы бойынша –16,36 % .
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –18,72 %.
  15. Түркістан облысы бойынша –  21,21 %.
  16. Ұлытау облысы бойынша – 20,31 %.
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 20,64 %.
  18. Астана қаласы бойынша – 20,68 %.
  19. Алматы қаласы бойынша – 9,54%.
  20. Шымкент қаласы бойынша – 21,36%.

Жалпы, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21%-ы.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00–де.

ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚ ЖОҚ

Дауыс беру тыныш жағдайда өтіп жатыр, қадағалау органдарына шағым түскен жоқ. Бас прокуратураның мәліметінше, қазіргі уақытта референдумға қатысты прокуратураға да, соттарға да ешқандай арыз-шағым келіп түспеген.