Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықаралық АҚШ президенті Дональд Трамп құрған Бейбітшілік кеңесі бастамасын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президент мұндай бастамалар қарапайым адамдарға, соның ішінде Газа секторындағы тұрғындарға да нақты пайда әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар ол әлем қоғамдастығы ұзаққа созылған конференциялардан шаршағанын айтты.
– Ең алдымен, Америка Құрама Штаттарының президентіне құрметім ерекше екенін атап өткім келеді. Оның ақыл-парасатқа негізделген стратегиясы өте дұрыс, құптауға лайық. Бейбітшілік кеңесі туралы бастаманың идеясы, халықаралық күн тәртібіндегі күрделі мәселелерді шешудегі жаңашыл тәсілдері көңілден шықты. Мұнда әуелі дәстүрлі дипломатия мен ірі бизнестің мүмкіндіктері ұштасады. Бұл қарапайым халыққа, соның ішінде Газа секторының тұрғындарына нақты пайдасын тигізеді. Әлем халқы бітпейтін конференциялардан жалықты. Аталған жиындарда қабылданатын ізгі ниетті қарарларды аздаған адам ғана оқиды. Сол себепті бұл идеяны қолдау қажет деп ойлаймын. Өйткені тың шешімдер ұсынады, – деді ол.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп туралы пікір білдіріп, оны батыл әрі мықты көшбасшы ретінде сипаттады.
– Президент Трамп мықты тұлға ретінде әсер қалдырады. Ол – батыл көшбасшы. Таяу Шығыста, соның ішінде Палестинада бейбітшілік орнату мүмкіндігі әлі де бар екеніне кәміл сенемін. Бұл бастама баянды болады деп үміттенемін, – деді Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент лауазымы не үшін қажет екенін түсіндірген еді.