Қазақстанда референдумда дауыс беру аяқталды

Сырым Қаржас
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазіргі уақытта дауыс санау басталады.

Дауыс беру тек шетелде жұмыс істеп жатқан учаскелерде ғана жалғасып жатыр.

ШЕТЕЛДІК УЧАСКЕЛЕР

Референдумда 54 елде орналасқан 71 референдум учаскесі жұмыс атқаруда. 

Референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі Астана уақытымен таңғы сағат 03:00-ден бері жүргізіліп келеді. Уақыт айырмашылығына байланысты сағат 19:00-ге дейін шетелдегі барлық учаскелер ашылып, оның 14-і жабылып үлгерді. Осыған дейін келіп дауыс бергендер саны 9050 адамды құрады. 

Сағат 00:00-ге дейін шетелдегі 64 учаске өз жұмысын аяқтайды. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы референдум учаскесі ең соңғы болып 16 наурызда Астана уақытымен сағат 08:00-де шетелдегі сайлау үдерісін тәмамдайды.